Жусупбеков Ерлан Косымович 1981 жылы 2 маусымында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққұм ауылында дүниеге келген.
1998 жылы № 38 орта мектепті тәмәмдаған.
2000-2004 жылдары Қызылорда Қорқыт Ата атындағы университетінің тарих және құқық факультетінің «Тарихшы» мамандығын үздік бітірген. Білімі-жоғары.
2004 -2007 жылдары АҚ «Сыр -Қуаты» кадр маманы қызметін бастады.
2007-2018 жылдары Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектебінде мектеп директорының бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Педагогикалық қызмет барысында білім алушылардың оқу-тәрбие сапасын арттыруға, кәсіби біліктілігін жетілдіруге жұмыс жасаған.
2018-2025 жылдары Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылы, №203 орта мектептің мектеп директоры қызметін атқарды. Басшылық қызмет барысында мектептің білім сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби дамуына, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға өз үлесін қосқан.
Қазіргі таңда Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектебінің мектеп директоры қызметін атқаруда. Білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде, егемен елдің болашағын қалыптастыруда абыройлы қызмет етуде. Мектептің педагогикалық жұмыстарының нәтижесі жүргізілуіне кәсібилік, көшбасшылық қабілетін жоғары деңгейде көрсете біледі. Сонымен бірге мұғалімдер мен қызметкерлерге үлкен қолдау көрсетіп, біліктілігін арттыруға, оқыту мен тәрбиелеу ісіне жаңа иновациялық технологиялардың енгізуге қажетті жағдай жасауда.
Еңбек жолында білім беру саласындағы жетістіктері үшін бірқатар марапаттарға ие болған.
2018 жылы Жалағаш аудандық «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасарының «Алғыс хаты»
2019 жылы «Нұр Отан» партиясының облыстық бірінші орынбасарының «Алғыс хаты»
2019 жылы Жалағаш аудан әкімінің «Алғыс хаты»
2020 жылы Жалағаш аудан әкімінің «Алғыс хаты»
2020 жылы облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы»
2021 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының «Алғыс хаты»
2022 жылы Басқарма бастығының «Құрмет грамотасы»
2025 жылы Білім инновациялық ХҚҚ президентінің «Алғыс хаты»
2025 жылы Жалағаш ауданының 85 жылдық мерекелік медальмен марапатталған.







Сұрақ қою