ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
Жалағаш аудандық білім бөлімі ұйымдастырған жалпы білім беретін мектептердің 7–11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының аудандық кезеңінде мектебіміздің 9-сынып оқушысы Болат Қарақат "Жыр эстафетасы" бағыты бойынша жүлделі орынға ие болды!
Дарынды оқушымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жетекшісі Шілдебаева Жанарға алғысымызды білдіреміз!
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, шығармашылық табыс тілейміз!


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілген «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының аудандық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті
«Үздік инновациялық рационализаторлық ұсыныс» бағыты бойынша
Қосым Нұрлы — I орын
«Смарт-көлік және электромобилдер» бағыты бойынша
Бисен Шыңғыс — I орын
Жетекшісі: Қырғызбай Бақытжан
Оқушыларымызды және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп болсын, биік белестерді бағындыра беріңіздер!


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Жалпы білім беретін мектептердің 7–11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының аудандық кезеңінде "Дариға домбырамды берші маған" бағыты бойынша жүлделі орынға ие болған оқушымыз Бертай Гүлзатты шын жүректен құттықтаймыз!
Білім мен өнерді ұштастырып, жетістікке жеткен шәкіртімізге алдағы уақытта да биік белестер мен шығармашылық табыстар тілейміз!
Жетекшісі Алдабергенова Райгүлге алғысымызды білдіреміз! Еңбектеріңіз жана берсін!