Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектебі «Мектеп Парламенті»
Қазіргі кезде білім беру ұйымы қызметінің қазіргі болмысында білім беру ұйымын демократиялық басқаруға жағдай жасауға байланысты мәселелер туындайды, онда тек басшы мен педагогикалық кеңес қана емес, сонымен бірге білім алушылар мен ата-аналар білім беру үдерісінің толық субъектілері ретінде білім беру ұйымы ұсынатын қызметтердің сапасына әсер ете алады. Мектеп Парламентінің Президенті оқушылар мен мұғалімдердің үміткерлерді жақтап ✅ дауыс беруінің нәтижесінде анықталады.
Осыған сәйкес 2022 жылдың 24 қыркүйек күні Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектебінде Мектеп Презиентін сайлау өткізілді. Сайлау нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 10 «А» сынып оқушысы Алдоңғарова Зере Мектеп Президенті болып сайланды.
Парламент мақсаты:
Балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау.
Парламент міндеттері:
1) білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше әрекет етуін іске асыру;
2) білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және олардың мүдделерін қозғайтын өзге де мәселелерді шешуге көмек көрсету болып табылады;
3) білім беру ұйымының басшылығына білім беру және ғылыми міндеттерді шешуде, білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда көмек көрсету;
4) білім беру ұйымдарына білім беру және тәрбие процесі шеңберінде өткізілетін іс-шараларға көмек көрсету;
5) білім беру ұйымының рухы мен дәстүрлеріне патриоттық қатынас жасауға, білім алушылардың санасын және олардың өз білім деңгейіне талап етуін арттыруға, мүлікке ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүргізу;
6) білім алушыларды білім беру ұйымының қызметі туралы хабардар ету;
7) қазақстандық қоғамды дамытудың нақты күші және стратегиялық ресурсы ретінде балалар мен жастар туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысу;
8) балалар мен жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларын іске асыруға көмек көрсету болып табылады.
- Білім беру ұйымдарында Парламент қызметі өңір мен білім беру ұйымының ерекшелігін ескере отырып айқындалатын басқа да міндеттерді шешуге бағытталған.
Парламент құрылымына сай фракция көшбасшылары анықталды.
"Құқық және тәртіп" фракциясының көшбасшысы – Жолдасбай Қымбат
"Ақпарат және баспа" фракциясының көшбасшысы – Сәкенқызы Аягөз
"Спорт және салауатты өмір салты" фракциясының көшбасшысы – Тлеуғабыл Нұрсұлтан
"Өзін - өзі тану және еңбек" фракциясының көшбасшысы – Нұрланқызы Талжібек
"Қамқорлық" фракциясының көшбасшысы – Алмат Жансұлу
"Мәдениет және өнер" фракциясының көшбасшысы – Сабыр Гүлсая
"Дебат" фракциясының көшбасшысы – Бисенқызы Алтынай
"Экология және еңбек" фракциясының көшбасшысы – Берікбол Гүлсая
Мектеп Парламенті жетекшісі – математика пәні мұғалімі Қасқырбай Айша Нұрадинқызы.
https://bisenov38-edu.testim.kz/kz/kimshilik.html#sigFreeId6979da6108






